×

Астана әуежайы не себепті араб компаниясының басқаруына берілген – министр түсіндірді

Шетелдік компанияға нақты міндеттер қойылып отыр

Астана әуежайы не себепті араб компаниясының басқаруына берілген – министр түсіндірді
Фото: ашық дереккөздерден

Көлік министрі Марат Қарабаев Астана әуежайы неліктен БАӘ компаниясының басқаруына берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, шетелдік инвестордың халықаралық әуежайларды қамтитын бүкіл әлем бойынша ірі холдингтері бар.

«Abu Dhabi Ports –   жолаушылар ағыны 28 миллион адамды құрайтын ең ірі әуежайлардың бірі. Оның менеджменті өте жоғары және дәл осындай әуежайлардағы стандарттар Астанада да дамитын болады. Жаңа басқарушы компаниялардың келуімен сервис пен менеджменттің мүлдем басқа деңгейі болады. Бұл өте маңызды», – деді Қарабаев.

Оның сөзінше, әуежай шетелдік компанияға беріледі деген сөз емес. Компанияға нақты міндеттер қойылып отыр.

«Бірінші кезекте – ұшу-қону жолағын толық жөндеу. Осылайша, республикалық бюджетке түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады. Ал бұл ақша бюджеттен халықтың қажеттіліктеріне жұмсалады. Екіншіден, олар аэровокзал кешенін жөндейді. Үшіншісі – алаңқайда үлкен аквахаб құру. Аквахаб – жерде барлық жүктер бір жерде жинақталады, белгілі бір тарату жұмыстарынан өтеді және нәтижесінде әуежайдың айналасында жұмыс орындары құрылады. Бұл мәселелерді араб инвесторымен талқылаймыз», – деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Кеше, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →