×

«Бұрынғы сот төрағасы араласып жатыр». Жәбірленуші қыз зорлады деп бес жылға сотталған блогерді ақтап алып жатқанын айтты

Зорлаушының адвокаты оны бостандыққа шығаруға талпынып жатыр екен

«Бұрынғы сот төрағасы араласып жатыр». Жәбірленуші қыз зорлады деп бес жылға сотталған блогерді ақтап алып жатқанын айтты

2022 жылдың желтоқсанында қаржылық сауаттылық жайлы курстар оқытатын танымал блогер үйлену тойының алдында бір қызды зорлаған. Алматы қаласының ауданаралық соты оны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырған. Бірақ бұрын сот төрағасы болған адвокаты апелляцияға беріп, ақтап алу ниетінде екен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қызды зорлаған блогер бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар моральдық өтемақы төлеуге міндеттелген. Алайда арада бір жылға жуық уақыт өтсе де зорлаушының адвокаты оның атын тазалап, бостандыққа шығаруға талпынып жатыр екен.

«13 қыркүйекте сот шешімі шықты. Оны бес жылға бас бостандығынан айырды. Адвокаты бұған дейін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметін атқарған. Сондықтан судьялар арасында бұрынғы әріптестері бар. Осындай ересек адамдар ақша істеу үшін бәріне барады. Отанын сатып жіберуге де дайын ғой. Барлық дәлелдер, дене жарақаттары, сараптамалар бар. Өзі сот кезінде кінәсін мойындап, жылап менен кешірім сұрады. Бірақ кешірімін қабылдамадым. Туған-туыстары мен достары 10 ай бойы қорқытумен болды. Олар мені көлікпен қағып кететінін, қышқыл шашатынын, есірткімен ұстатып жіберетіндерін айтты. Ал енді адвокаттың бұрынғы әріптестері Алматы қалалық сотының судьялары істі заңсыз қайтадан көтеріп жатыр. Өйткені зорлаушы «зорлық» деген ұғымды түсінбеген екен. Өзі бірінші сатыдағы сотта кінәсін мойындаған. Себебі шартты жазадан үміттенді. Апелляциялық сотта біржақты айыптау ниеттегі көзқарасқа ұшырадым. Менен алған жауаптары сондай мақсатта болды», – дейді жәбірленуші.

Зорлық көрген қыз әділдік орнап, зорлаушы заңды жазасын алса екен деп отыр. Егер түрмеден шығып жатса, кек алудан аянып қалмайды деп қорқатынын айтты.

Тергеу барысында блогер қашып кетпек болып, Қордайдағы Қырғызстан шекарасында ұсталған. Ал қамауға алынғаннан кейін іс материалдары сотқа жіберіліп, өз кінәсін мойындаған. Бірінші сатыдағы сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп таныған. Сөйтіп, бес жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушіге талап арызы үшін 3,1 миллион, моральдық шығын үшін тағы 3 миллион төлеуге міндеттеді.

Қыз бес жылға соттатудың өзі оңай болмады деп отыр. Өйткені алғаш арыз жазғанда Алматы қаласының Бостандық аудандық полиция басқармасы бір аптадан кейін істі жаба салған. Сосын екі айдан кейін кел деген. Оның айтуынша, өйткені ол кезде зорлық белгілерінен ештеңе қалмайтынын білгендіктен істеген.

«Осыдан кейін прокуратураға жаза бастадым. Сол кезде қимылдады. Былтыр мені 4 желтоқсанда зорлады. Арада бір апта өткенде Дубайға барып, қызына үйленуге ұсыныс жасады», – дейді жәбірленуші.

Қыздың жасы 28-де. Зорлық көргенде 27-де болған. Сотталған азамат 1992 жылы дүниеге келген. Моңғолиядан келіп, Қазақстан азаматтығын алған.

«Журналист-блогер Михаил Козачковтан көмек сұрадым. Зорлаушының жақтастары да жаңалықтар порталдарында мен туралы жала жабу мақсатында ақпараттар шығаруды сұраған. Козачков мұндай ұсыныстан бас тартқан. Бұл санаттағы істер бойынша мақала жазбайтынын жеткізген», – дейді қыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →