×

Алматыдағы өрт: Қаза тапқандар арасында шетел азаматтары бар

Хостелден өрт шығып, 13 адам қаза болды

Алматыдағы өрт: Қаза тапқандар арасында шетел азаматтары бар

Алматыда өрт шыққан хостелдің жұмыс істегеніне бар-жоғы бір жарым ай болған. Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Хостел әкімшілігінің сөзіне қарағанда, мұнда шетелдіктер тұрған. Өзбекстан, Пәкістан, біздің елдің азаматтары болған. Адамдар өрт болған кезде ұйықтап жатқан. Өртке қазір не себеп болғаны әлі белгісіз. Анықтап жатырмыз. Зертханасыз қазір өртке не себеп болғанын айта алмаймыз», – деді ол журналистерге берген жауабында.

Оның сөзінше, қалалық ТЖД 13-27 қараша аралығында «Жатақхана» акциясын өткізген. Алматыда акция бойынша 300-ге тарта жатақхана тексеріліп, алдын ала жұмыстарын жүргізіп, ақпараттандырып, жадынама таратылған. 

«Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны турасында бірқатар кемшілік анықталған. Бұл хостелдің жұмыс істеп тұрғанына бар-жоғы бір жарым ай болған. Әкімшілігі солай деп отыр. Жалпы жертөле аумағын жатақхана ретінде пайдалану заңсыз. Автоматты өрт сигнализациясы бар. Ол ойнаған», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →