×

Жетісу облысында 6 жасар бала қарындасын пышақтап өлтірді

"Ол жылап мазамды алды..."

Жетісу облысында 6 жасар бала қарындасын пышақтап өлтірді

Жетісу облысында алты жастағы бала үш айлық туған қарындасын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды qaz365.kz 

Оқиға 10 қаңтар күні таңертең Жетісу облысының Жаркент қаласында болған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталды.  Алты жасар бала өзінің 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтап тастаған. Алған жарақатынан нәресте көз жұмды. 

"Жаңа туған нәрестеге пышақ жарақатын салу фактісі бойынша Жаркент қаласында ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қыз төрт ұлдан кейінгі отбасының көптен күткен баласы болған. Үлкен екі ұл студент. Анасы үшінші ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлын үйге тастап кеткен. "Неге бұлай істедің?" деген сұраққа 6 жастағы бала "ол жылап мазамды алды" деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, бірінші сыныптың оқушысы.

"Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді", - деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
11.07.2025ж. 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →