×

«Психологиялық жарақаты Парламентте емес, психиатрдың диванында шешілуі керек»: Депутат Бәшімов Федоровқа жауап берді

Депутат Бәшімов ресейлік депутат Евгений Федоровқа жауап берді

«Психологиялық жарақаты Парламентте емес, психиатрдың диванында шешілуі керек»: Депутат Бәшімов Федоровқа жауап берді
Фото: ашық дереккөздерден

Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Қазақстан тәуелсіздігіне әрдайым ақпараттық шабуыл жасайтын ресейлік депутат Евгений Федоровқа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Әріптестер, біз тағы да Мемлекеттік думаның кейбір депутаттары тарапынан Қазақстанға қатысты жағымсыз сөздерді естіп, көріп отырмыз. Біздің егемендігіміз бен аумақтық тұтастығымызға қатысты жалған, арандатушы сөздерімен танымал депутат Федоров тағы да негізсіз хайп ұстағысы келген сияқты», – дейді ол.

Марат Бәшімовтың айтуынша, ол сепаратизм үшін лайықты түрде сотталған "Петропавл халық кеңесі" деп аталатын қатысушыларға үкім жөнінде ойын айтқан. Екіншіден, Қазақстанды «заңды емес аумақ» деп атаған. Ол еліміз барлық қажетті рәсімдерді сақтамай тәуелсіздік алды деп есептейді.

«Ақылы 13 жастағы баламен тең Мемлекеттік дума депутатының сөзін түсіндіріп беру қиын, бірақ мен тырысайын деп отырмын. Ол фактілерді өрескел бұзады, КСРО-ның ыдырау процесі қалай өткені турасында әдейі үнсіз қалады. Сонымен бірге Федоров өз президентінің ресми саясатына қарсы. Владимир Путин Қазақстанға соңғы сапары барысында Қазақстан – Ресей серіктестігі "өзара сыйластық, егемендікті, аумақтық тұтастықты мойындау және ішкі істерге араласпау қағидаттарына негізделгенін" атап өткен еді», – дейді ол.

Марат Бәшімов заңгер ретінде Ресей заң шығарушы органдарының өкілдері тарапынан мұндай пікірлер орынсыз. Олар ең алдымен Ресейдің біздің негізгі және стратегиялық серіктесіміздің позициясына зиян тигізетінін айтты.

«Федоров пен оның барлық психологиялық жарақаттары БАҚ пен Парламентте емес, психиатрдың диванында шешілуі керек. Егемендік туралы декларация жарияланған күннен бастап Қазақстан БҰҰ Жарғысын ұстанатын және негізгі халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылатын қуатты әрі тәуелсіз мемлекет құрды. Біздің мемлекет барлық көршілерімен шекараларын толығымен бекітті. Біздің кеңестік өткеніміз үшін ұялатын жағдайымыз жоқ, біз тәуелсіздікке қол жеткіздік және халықаралық деңгейде мойындалдық. Мен ресейлік әріптестерімді өте нәзік саяси тақырыптарда сөйлемес бұрын ойлануға шақырамын. Жалпы Кеңес заманы жайлы естеліктеріңіз баяғыда тек тарих кітаптарында қалған», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтар академик Төрегелді Шармановты еске алады
Бүгін, 14:01

Алматылықтар академик Төрегелді Шармановты еске алады

Шара Қазақ тағамтану академиясының мәжіліс залында өтеді
Telegram-мен олардың өкілін тағайындап, кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді
Сынама сіздің қартаю жылдамдығыңыз бен қанша өмір сүретініңізді анықтайды
Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →