×

«Жүйкесі сыр берген секілді»: Ринат Зайытов Бекболат Тілеуханға жауап берді

Депутат Зайытов Бекболат Тілеуханға жауап берді

«Жүйкесі сыр берген секілді»: Ринат Зайытов Бекболат Тілеуханға жауап берді
Фото ашық дереккөздерден

Жақында Түркияда тұратын экс-депутат Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовты популист, қорқақ деп бағалаған. Айтыскер ақын осыған жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ол кісіге қатысты менің бір күмәнім бар. Шетелде жүргеннен кейін кішкене жүйкесі сыр бере бастаған тәрізді. Көшенің жаргондарын көп пайдаланатын болыпты. Сондықтан жүйкесі сыр беріп жүр деп ойлаймын», – дейді Ринат Зайытов «Adal Adam» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ол өзінің Бекболат Тілеуханның деңгейіне түскісі келмейтінін, сондықтан әңгіме көбейте беруді қаламайтынын айтып қалды.

«Жалпы мен өзім Бекболат Тілеухан туралы әңгіме айтудан қашамын. Өйткені, ол кісі әңгімені әрі қарай әкете береді. Ол кісімен әлеуметтік желіде айқайласып жүруден нәтиже шығады деп ойламаймын. Халықтың көкейінде жүрген сұрақты Үкіметке жеткізгенімнің қай жері популизм екенін түсінбедім. Онда бәріміздің сондай болғанымыз ғой. Содан кейін популизмді адамдар танымалдығын арттыру үшін жасайды. Ал маған оның дымға да керегі жоқ. Айлық 300 мың ешқашан болмайды дегенімен келіспеймін. Өйткені, нақты цифрға келетін болсақ, айлықты жыл сайын 15, 20, 30 пайызға дейін көбейтеді», – дейді  депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Бекболат Тілеухан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Ринат Зайытов, Ермұрат Бәпи мен Нартай Аралбайұлын популист деп атаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →