×

«Әжетханада су жоқ екенін айттым»: Облыс әкімімен кездесуден кейін  еден жуушы жұмыссыз қалды

Гимназия басшылығы мұның себебі басқа дейді

«Әжетханада су жоқ екенін айттым»: Облыс әкімімен кездесуден кейін  еден жуушы жұмыссыз қалды
Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында  еден жуушы әйел әкімге әжетханада су жоқ екенін айтамын деп жұмысынан айырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz жергілікті «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

12 қазанда облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Ырғыз өңіріне барды. Әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен танысып, Ырғыздағы ауыл мектептері мен кейбір нысандарды аралаған. Мысалы, 300 орындық гимназияда су мәселесі туындап, бұл туралы әкім мен облыстық білім беру мекемесінің басшысы Жайық Сұлтанға еден жуушы әйел айтып берген.

«Міне, қараңыз, су ағып тұрған жоқ», – деген Мөлдір Ғапыз суды ағызбақ болады. Алайда судың жоқ екенін барлығы көреді.

Оның айтуынша, дәретханадағы жаңа щетканы әкім келерінің алдында сатып алған.

Біраз уақыттан кейін шындықты жасырмай айтқан қызметкерді жұмыстан шығарып жібереді. Мөлдір Ғапыз 13 қарашада ауырып жұмысқа шыға алмай қалғанын жасырмайды, бірақ ол барлығына айтып ескерткен.

«Бір айдан кейін жалақысыз еңбек демалысы туралы жазған өтінішім жоғалып кетті, еңбекке жарамсыздық парағым қабылданбай, жұмыстан босатылдым. 13 қарашада мен ауырып, жұмысқа шықпадым. Бірақ мен бәріне ескерттім. Жалақысыз еңбек демалысы туралы өтінішім қабылданбады. Ауырып жүрсем де, 14 қарашада жұмысқа келіп еден жудым. Бірақ үстімнен хаттама толтырып, жұмыстан шығарып жіберді. Олар мені шындықты айтқаным үшін жұмыстан шығарды. Қарызым бар, күйзеліске түскеннен дәрі іштім. Отбасында мен ғана жұмыс істеймін. Анам зейнеткер, ерекше бала өсіріп отырмын. Мемлекеттік органдарда жұмыс істей алмаймын, себебі мені арнайы бап бойынша жұмыстан шығарып, балам және мен туралы жеке мәліметтерімді таратты», – дейді ол.

Бірақ гимназия басшылығы мұның себебі басқа екенін айтып отыр.

«Мөлдір 13-14 қараша аралығында белгісіз себептермен екі күн жұмыста болмаған. Сондықтан гимназия директоры оған хат жазып, пошта арқылы жіберді. Қызметкердің жұмыс орнында себепсіз болмағаны, жұмысқа жауапсыз қарағаны үшін гимназия директоры Г.Нұрмановаға тиісті заң аясында жұмыстан босату шарасы қолданылды», – деп түсіндіреді Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Айбек Өксікбаев.

29 қарашада Мөлдір Ғапыз Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанмен кездесуге келді. Оның айтуынша, білім басқармасының басшысы оны тыңдап, жұмысқа қайта кірісетіні туралы хабарлаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →