Назарбаев авторлық кітабын Путинге сыйлады
Қазақстанның экс-Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге жақында шыққан «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» кітабын сыйға тартқан. РБК ресейлік басылымы осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабын Владимир Путинге сыйлық ретінде жіберді. Дмитрий Песков (Путиннің баспасөз хатшысы) "авторлық көшірме" Ресей Президентіне табысталатынын жазды», – деп жазды РБК тelegram арнасы.
Назарбаев кітабында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан аумақтарын қайта қарау туралы "қажетсіз әңгімелерді тоқтатты" деп жазады.
«Қазақстан – Ресей қатынастарындағы сапалы жаңа кезең мемлекет басшылығына Владимир Путиннің келуімен басталды. Путиннің президенттігі Ресей тарихына ерекше кезең ретінде енетініне ешкім күмәнданбайды. Мұны оның жаулары да мойындайды.
Путин елдегі тәртіпті қалпына келтіріп, биліктің беделін нығайтты. Отанын әлемдік державаның биіктігіне көтерді. Ол сөздің әрі істің адамы. Владимир Владимирович екеуміз мемлекет басшылары ретінде жиі кездесетінбіз, бір күні ол тіпті «Қазақстанға тіркелетін шығар» деп қалжыңдады. Шынында да, біз жылына сегіз ретке дейін кездескен кезіміз болды», – деп еске алады мемуар авторы.