×

«Ресейден 600 адамды көшіру оңай болған жоқ»: inDrive басшысы Қазақстанға қалай қоныс аударғанын айтып берді

Арсен Томский қалай Қазақстанға қоныс аударған

«Ресейден 600 адамды көшіру оңай болған жоқ»: inDrive басшысы Қазақстанға қалай қоныс аударғанын айтып берді
Фото: Qaz365.kz

ІnDrive негізін қалаушы Арсен Томский Украина мен Ресей арасында соғыс басталғаннан кейін қалайша Қазақстанға қоныс аударғанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қалай болды? Соғыс басталған кезде біз бірден бәрін Ресейден көшіре бастадық. Бізге сіздердің министрлеріңіз Бағдат (Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі) шықты. Сол кісі бізді белсенді түрде өзіне қайта-қайта шақыра бастады. Жалпы Бағдаттың өзі белсенді адам. Тіпті біз үшін арнайы бірнеше әуе рейсін ұйымдастырды. Біз жедел түрде 600-ге тарта адамды шығара бастадық. Бұл өте оңай шаруа емес. 600 адамның баласы, иті, мысығы бар дегендей... Соларды әкеліп, осы жақта ең үлкен хабты ұйымдастырдық. Қазір ол жерде мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазақстан осылайша, біз үшін негізгі базаға айналды. Дәл осы жерден көптеген бастамамыз басталады», - дейді ол.

Томский өзін Қазақстанда үйінде жүргендей сезінетінін айтады.

«Мен осында (Қазақстанда) өзімді үйде жүргендей сезінем. Шын мәнінде солай. Якутскте жүргендей. Бұл жер жанға жылы. Адамдардың бәрі мейірімді. Кейінгі бес жылда АҚШ-та тұрдым. Ол жерде бәрі саған күлімдегенімен, бәрібір ортада бір үлкен қабырға тұрады. Ал бұл жерде ондай жоқ», - дейді ол.

Еске сала кетейік, inDrive негізін қалаушы, әлемдегі ірі инвестордың бірі Арсен Томский таяуда Қазақстан азаматтығын алғанын хабарлаған едік. Бұл туралы әлеуметтік желіге Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин жазған. Мусиннің жазуынша, Арсен өзі ғана келіп қоймай, біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеяларды алып келген.

Министрдің сөзінше, осынау прогрестің негізі - Astana Hub. Халықаралық технопаркте жайлы ІТ-бизнес жүргізуге барлық жағдай жасалған. Онда салық жеңілдігі де, жеңілдетілген виза режимі мен заманға сай инфрақұрылым бар. Соның бәрін әлемдік компаниялар мен менмін деген ІТ-мамандардың назарын Қазақстанға аударып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →