×

«Эхолалия дертіне ұшыраған». 300 миллион теңгенің үйін алған блогер некесіз туған ауру қызына көмектеспейтін болып шықты

Айдана Сапарбекова танымал блогерден бес жастағы қызы бар екенін айтады

«Эхолалия дертіне ұшыраған». 300 миллион теңгенің үйін алған блогер некесіз туған ауру қызына көмектеспейтін болып шықты
Фото: ашық дереккөздерден

Вайнерліктен бастап, кейіннен танымал блогер, кәсіпкер атанған Дархан Жолшыбековтің Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында тұратын некесіз туған бес жастағы қызы бар болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бір қызығы, оның қазіргі некелі жары Дариға да осы Ұлытау облысының тумасы.

«Көреміз» бағдарламасының бір шығарылымы осы тақырыпқа арналған. Онда Сәтбаев қаласының тұрғыны Айдана Сапарбекова 5 жыл бұрын кәсіпкермен көңіл жарастырғанын, қазір бес жастағы қызы бар екенін айтты.

Бірақ миллионер блогер 8 айдан бері тұңғышына тек 15 365 теңге көлемінде алимент төлейді екен.

«Бір кафеде даяшы болып жұмыс істеген едім. Сол жерде танысқанмын. Бір шағын ауданда тұрады екенбіз. Мені күтіп алып, үйге дейін жеткізіп тастап жүрді. Үйленемін, аяғым ауыр болады деп жүргенбіз. Танысқаннан кейін бір айдан кейін жыныстық қатынасқа түстік», – дейді Айдана Сапарбекова.

Ол кезде екеуі де Алматыда тұрған. Кейін ұрысып қалып, Жезқазғанға кетіп қалған.

«Үш күннен кейін аяғым ауыр екенін білдім. Бес жаста Айша есімді қызым бар. Әкесі – Дархан. Ол кезде жасым 17-де болатын. Жолшыбеков менен үш жасқа үлкен. Хабарласқанымда алдырып таста деп айтты. Қазір айына 15 365 теңге көлемінде алимент алып отырмын. Дархан балалы болғаннан кейін Сәтбаев қаласынан бір бөлмелі пәтер беремін, маған хабарласпайсың, ұмытасың деген», – дейді қыздың анасы.

Оның айтуынша, блогер қызының суретін әлеуметтік желіге Дарханның баласы деп жазбайсың деген талап қойған.

Қаршадай қызға қазір дәрігерлердің көмегі қажет екен. Мұны бағдарламаға сұхбат берген логопед Қаламқас Асқарқызы айтты.

«Ақыл-есі дұрыс. Тек сөзге толығымен жауап бермейді. Сұраққа сұрақ қояды. Бұл дегеніміз – эхолалия диагнозы бар деген сөз. Яғни не сөйлеп жатқаныңызды толығымен түсінбейді. Оған сөздер жаңғырық болып естіледі. Қазір бұл балаға жалғыз логопедтің ғана емес, дефектологтың, сосын психологтың көмегі керек. Бассейнге апарып, УЗИ-ге түсіру қажет. Туған кезде анасы дұрыс қарамағандықтан, гипоксия болған шығар. Кислород дұрыс бармағаннан кейін миында қан толық айналмайды», – дейді Қаламқас Асқарқызы.

Енді заңгерлер сотқа жүгініп, алиментті көбейтуге тырысатындарын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Дархан Жолшыбеков пен әнші Дариға Нүркеева 300 миллион теңгеге жаңа үй сатып алған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →