×

PISA рейтингі: Қазақстан нешінші орынға жайғасты

Қазақстан екі пәннен ТОП-50 елдің ішіне кірді

PISA рейтингі: Қазақстан нешінші орынға жайғасты
Facebook / Ғани Бейсембаев

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы PISA қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазір ғана кезекті PISA рейтингінің нәтижесі жарияланды. Өздеріңіз білетіндей, бұл – білім сапасын бағалайтын маңызды халықаралық жүйе. Еліміз математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің ішіне кірді. Жаратылыстану пәндерінен көрсеткіш 26 балға артып, математика және оқу сауаты бойынша алдыңғы нәтижелер сақталды»,– дейді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, бұл жерде мектептердің рөлін ерекше атап өткен жөн. Қала мен ауылдық жерлердегі оқушылар арасындағы білім сапасындағы алшақтық азайып келеді. Жалпы, 81 елдің ішінде Қазақстан математикадан 46-орын (2018 жылы 54), оқудан — 61-орын (2018 жылы 69), жаратылыстану пәнінен 49-орында (2018 жылы 69) тұр екен.

«Мемлекет басшысының білім беру жүйесіне үздіксіз көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауының арқасында осындай көрсеткіштерге қол жетті. Педагог мәртебесін арттыру, жалақыны көбейту, қосымша білім беруді, инфрақұрылымды дамыту, балаларымыз үшін қауіпсіз және жайлы ортаны қамтамасыз ету шаралары білім сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Білім саласын дамытудағы мемлекеттік ұстанымның дұрыстығы айқындалды. Осы бағыттағы жұмысты күшейте түскен жөн», – деп жазды министр Facebook парақшасында.
Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім беру сапасын одан әрі арттыру үшін 5 негізгі бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда:

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервін қалыптастыру және менеджментті нығайту;

ХХІ ғасырдағы дағдылар мен құзыреттерді дамыту үшін оқу бағдарламаларын жаңарту, ауыл мектептерін қолдау жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыру;

Дайындық тәсілдерін жетілдіру, педагогтерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде жаңа мектептер салу, қалған білім ошақтарын жаңғырту, инфрақұрылымын дамыту;

Сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін трансформациялау.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Кеше, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →