×

2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады

Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады
Фото: egemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заңға сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс минимумы 43407 теңге болып бекітілді.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат осы аталған сомалардың 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаюын ескере отырып қарастырылған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға қол қойды. Бұған дейін заң жобасы қоғамдық талқылауда болды.

Айта кетейік, 2023 жылдан 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54-тен 70%-ға, ал ең жоғары мөлшерін 100-ден 120%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылады.

2023 жылдың басында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 54%-дан 60%-ға дейін өсті.

Бес жыл ішінде базалық зейнетақының мөлшері орта есеппен 50%-ға дейін өседі. Бұл Қазақстандағы барлық зейнеткерді (қазіргі уақытта 2,3 миллион адам) қамтиды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →