×

«Көпшіліктен жасырдым»: Кеудесін тесті деген Төреғалидың қарындасы сәбилі болғанын мәлім етті

Фариза Төреәлі ана атанды

«Көпшіліктен жасырдым»: Кеудесін тесті деген Төреғалидың қарындасы сәбилі болғанын мәлім етті
Фото: instagram.com / farizatoreali

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер, жақында денсаулығы сыр беріп Түркияға барып келген Фариза Төреәлі босанды, деп хабарлайды Qaz365.kz..

«Біз көп күткен, көп тілеген бақыт... Раббымыз бұл сезімдерді сезінуді бұйыртты. Шексіз мадақтар менен мақтаулар болсын! 9 ай бойы жүктілігімді көпшіліктен жасырып келдім, себебі тіл-көзден барынша сақтандым. Алла қалап дүниеге сәби алып келіп, бәрін сезініп бастағанымыз сол еді, артынша денсаулығыма байланысты жағымсыз жайттар орын алды. Жақындарымыздың бәрі дайындалып, перзентханадан шығаруға ұшып келіп, дәл шығаратын күні сараптама нәтижелері дайын болмай жібермеген», – дейді Фариза Төреәлі.

Ол бірнеше күннен соң толық тексеріс керек екендігін, содан соң диагноз қойылатынын айтып шығуға рұқсат алған.

«Ұзақ күткен бақытты күнімізде солай қалай қуанарымызды білмей қалдық, түрлі сезімдер ойнап жатты. Бірден Түркияға баруға жолдасым тез шешім қабылдап, келесі күні 7 күндік баламызды қалдырып кетуге мәжбүр болдық. Бұл да Алланың жоспары. Енді ғана босанған әйел үшін түрлі-түрлі эмоцияларды бастан өткізу оңай болмады, әсіресе қиынға соққаны – бөпемді қалдыру. Ең бастысы бәрі артта қалып, оңынан реттелді.
Сіздермен қуанышпен бөлісіп, сәби дауысын аңсап жүрген әр отбасыға шын жүректен жұғысты болсын дегіміз келеді! Дәл қазір бөпеміздің жанында аман-есен отырған әр минутымыз үшін шүкір етіп отырмыз. Әлі айтатын да, бөлісетін де қызық көп. Күнде стористарды жіберіп алмаңыздар», – дейді блогер.

Айта кетейік, жақында онкологиядан күдіктенген блогер Түркияға барып, толық тексерістен өткен еді. Ол жақтағы дәрігерлер ешқандай аурудың жоқ екендігін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →