×

2024 жылы Астана әуежайының ұшу-қону жолағы жөнделеді

Сондай-ақ Павлодар және Балқаш әуежайларында жөндеу жұмыстары жоспарланған

2024 жылы Астана әуежайының ұшу-қону жолағы жөнделеді
Фото: nqz_airport

2024 жылы көктемде Астана қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы жөнделеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің ақпаратынша, елорда әуежайын дамыту аясында Terminals Holding Group (БАӘ) компаниясымен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Компания 2024 жылы көктемде әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды бастауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді перспективада жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту, толыққанды мультимодальды хаб құру міндетін қойды", – делінген хабарламада.

Президенттің тапсырмасына сәйкес келесі жылы Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, Балқаш қаласы әуежайының перронын қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында 4 объекті бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жеке инвестиция есебінен Алматы, Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдары салынады. Құрылыстың аяқталуы 2024 жылға жоспарланған.

Бұған қоса биыл Қостанай әуежайының аэровокзалын телескопиялық трап және келу залын салу арқылы реконструкциялау жұмысы аяқталуда.

"Осы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолаушылар тасымалының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, бұл ел тұрғындарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді", – деп атап өтті комитеттегілер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →