×

Әйелін 18 жерінен пышақтап өлтірген еркек жазасын толық өтейтін болды

Сот Талғат Нұртаевті 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын

Әйелін 18 жерінен пышақтап өлтірген еркек жазасын толық өтейтін болды
stan.kz

Сот Талғат Нұртаевті 11 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ адвокаты Нұртаев жұбайын қасақана емес, абайсызда жазым қылды деп апелляциялық шағым түсірген еді. Бүгін өткен процесте судья бұл уәжі негізсіз деп, үкімді өзгертпеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Еске салсақ, заңгер Айман Асановамен Талғат Нұртаев 2019 жылы отбасын құрған. Үш жыл ғана некеде тұрып, жиілеген ұрыс-керістің кесірінен екеуі ақыры ажырасады. Алайда жанжал мұнымен бітпеген. Енді ортақ мүлікті бөлу мәселесіне келгенде кикілжің одан бетер ушыға түскен. Осылайша әңгіменің тоқ етерін қою үшін Талғат Нұртаев бұрынғы әйелін дәл үйінің алдынан ұстап алады. Сол күні тергеу мәліметінше, ол 42 жастағы Айман Асановаға 18 жерінен пышақ сұққан. Әйел ауруханада жантәсілім етті.

Әу баста қылмыс ашу үстінде жасалды деп, сот қаскөйді бір жарым жылға ғана бас бостандығынан айырған еді. Бірақ бұл шешім қоғамда үлкен дау туғызды. Жазаның тым жеңіл екенін айтып, марқұмның жақындары да қарсы шыққан. Ақыры Нұртаев экс-әйелін қасақана өлтіргені дәлелденіп, бір жарым жыл жазасы 11 жылға ұзартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Кеше, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →