×

«30 күн қоғамдық жұмысқа жегу керек». Ардақ Назаров қазақтарға тіл тигізгендерді жазалауды сұрады

Депутат қазақтарға тіл тигізгендерді жазалауды сұрады

«30 күн қоғамдық жұмысқа жегу керек». Ардақ Назаров қазақтарға тіл тигізгендерді жазалауды сұрады
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров әлеуметтік желі арқылы қазақтарды балағаттаған түркістандық жігітті жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, қазір желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейіп кетті. Оған дәлел, таяуда Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны әлеуметтік желіде аузына келгенін айтқаны.

«Қазір әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейіп кеткен. Кеше Түркістан облысының Сайрам ауданы азаматы бүкіл қазақ еліне, тіпті керек болса Президентімізге тіл тигізді. Бұл азамат қазір шетелде жүр. Біз бейбітшілікті сақтап отырған елміз. Біздің елімізде тұрып жатқан азаматтар қазақ халқын басынбауы керек. Біз момын халық емеспіз. Біз байсалды халықпыз. Сондықтан мына азамат қазір шетелде екен. Оның ата-анасы кеше әлеуметтік желіде кешірім сұрады. Бұлай істеуге болмайды. Ертең ол азамат елге келген кезде, оны 30 күн қоғамдық жұмысқа жегу керек,  керек болса оны бірнеше күнге бас бостандығынан айыру керек. Өйткені бұл басқаларға сабақ болуы керек», – дейді депутат.

Жақында  түркістандық азаматтың әлеуметтік желіде аузына келгенін айтып, қазақтарды балағаттаған видеосы тараған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →