×

ИКАО аймақтық симпозиумы Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр

ИКАО аймақтық симпозиумы Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр

Алматыда TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиум өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үш күнге жоспарланған халықаралық симпозиум ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының эгидасымен, ҚР Көлік министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қолдауымен өтуде.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес үш күн ішінде TRIP ИКАО стратегиясының бес элементімен тікелей байланысты 10 панельдік сессия өткізу жоспарланған: сәйкестікті растау, машинамен оқылатын жол жүру құжаттары, құжаттарды беру және бақылау, тексеру жүйелері мен құралдары, бірін-бірі толықтыратын ақпараттық жүйелер.

«Іс-шараның негізгі бағыты технология мен инновация арқылы жолаушылардың ұтқырлық деңгейін арттыруға бағытталған. Азаматтық авиацияны дамытудың басым бағыттарының бірі цифрлық трансформация болып табылатынын атап өту қажет. ҚР Көлік министрлігі ҚР әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсету және сәйкестендіру бойынша жаңа технологияларды қолдануға, сондай-ақ әуе тасымалы кезіндегі формальдылықты жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударады. TRIP ICAO аймақтық симпозиумы тәжірибе алмасу және жолаушыларды сәйкестендіру бойынша жалпы проблемалық мәселелерді талқылау үшін бірегей пікірталас алаңы болады деп күтілуде», – деп хабарлады шараны ұйымдастырушылар.  

TRIP ICAO аймақтық симпозиумының спикерлері Канада, Америка Құрама Штаттары, Франция, Ұлыбритания, Түркия, Жаңа Зеландия, Швейцария сияқты елдердің формальдылықты жеңілдету мәселелері бойынша халықаралық сарапшылары. Сонымен қатар, іс-шараға Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO), Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI), Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM), Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA), Біріккен ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасының (UNHCR), Интерпол Бас хатшылығының, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының, сондай-ақ Еуропалық шекара және жағалау күзеті агенттігінің (FRONTEX) қызметкерлері қатысады деп күтілуде.

«Қазақстандық спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың (ҚР ҰҚК ШҚ, ЦДИАӨМ, ІІМ КҚҚК, КМ ААК), Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Астана және Алматы қалаларының әуежайларының, отандық әуе компаниялардың (Air Astana, SCAT, Qazaq Air, FlyArystan) және Азаматтық авиация академиясының өкілдері сөз сөйлейді», – деп хабарлады «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ баспасөз қызметі.

Іс-шараның толық бағдарламасы ағымдағы жылдың 1 қарашасында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің сайтында жарияланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →