×

«АрселорМитталдың» жаңа иесі жайлы не белгілі

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа иесі

«АрселорМитталдың» жаңа иесі жайлы не белгілі
Коллаж: Qaz365.kz

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының иесі ауысты. Енді оның жаңа инвесторы – қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Андрей Лаврентьев – Машина құрастыру саласындағы Компания Allurлар тобының негізін қалаушы. 1979 жылдың 29 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген. Үйленген, 6 баласы бар. Жоғары құқық мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ол «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және акционері. Оның құрамына «Агромашхолдинг» ЖШС және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кіреді. Топ Қазақстан аумағындағы Chevrolet, Kia, JAC және LADA автобрендтерінің ресми өндірушісі, дистрибьютері және серіктесі саналады. Астана және Алматыда сегіз жеке дилерлік орталығы бар. «Агромашхолдинг KZ» АҚ-ның 65%-на иелік етеді. Арманжан Байтасовпен бірге «Бизнес-FM» радиостансасын құрған. Қостанай облысындағы Триатлон федерациясының президенті, «Ана үйі» жобасының, YPO Kazakhstan, IQanat білім беру жобасының қатысушысы.

Андрей Лаврентьев 2012 жылы елімізде CKD құрастыру әдісімен автомобиль шығаратын өндірістің негізін қалады. Бір жылдан кейін дәл осы өндіріс ошағы «Индустрияландыру көшбасшысы» санатында Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» арнаулы сыйлығына ие болды. Ал 2017 жылы ол «Агромашхолдинг KZ» АҚ акционеріне айналды. Кәсіпорын Беларусьтың «Гомсельмаш» компаниясы шығаратын ауылшаруашылығы техникаларын Қазақстан аумағында дистрибьюциялауға бірегей құқық алды. 2020 жылы «Узавтосаноат» АҚ-пен бірге Қазақстанда америкалық Chevrolet брендті автомобиль өндірісінің акционеріне айналды. Сол жылы «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ Астанада бірінші Отандық электромобильдердің ұлттық павильонын ашып, Қазақстанда «жасыл технологияларды» дамытуға бет бұрады. 2021 жылы Kia Corporation компаниясымен бірге елімізде Kia брендті автомобиль құрастыратын өндіріс ошағының акционері болды.

Сондай-ақ ол Қазақстандық Forbes тізіміне енген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →