×

Таразда "Ауыл-Береке" базары өртенді

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

Таразда "Ауыл-Береке" базары өртенді
exk.kz

Тараз Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша бүгін, 30 қазан таңертең “Ауыл-Береке” базарында өрт шықты, деп хабарлайды qaz365.kz.

"30 қыркүйек күні сағат 07:52-де Мәмбет батыр көшесіндегі "Ауыл-Береке" базарының асханасы мен сауда дүңгіршіктерінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда",  делінген Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында. 

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері мен 13 техниканың жеткені атап өтілді.

«Өрт таңғы 8.30-да оқшауланды, бірақ оны жою әлі жалғасуда»,  деп хабарлады өңірлік ТЖД.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ішкі істер министрі Талғарда неге резонансты қылмыстар жиі болатынын түсіндірді
Бүгін, 16:44

Ішкі істер министрі Талғарда неге резонансты қылмыстар жиі болатынын түсіндірді

Министр болған оқиғаларға қатысты ішкі істер органдары тарапынан да кінә бар екенін мойындады
Президент Палатаның заң шығару қызметімен және депутаттардың жұмыс бағыттарымен танысты
Сарапшы Олжас Байділдинов қоғамдық көлікті субсидиялау жүйесін сынға алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →