×

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кеншілерден ақша бопсалаған

Барлығы он адам ұсталды

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кеншілерден ақша бопсалаған
polisia.kz

Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен "Қармет" кеншілерінен қорқыту, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топтың осындай 15 дерекке қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар, қылмыстық топтың қатысушылары қаруларды қолданып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған.

Күдікті адамдарды ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді. Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынған.

"Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасымен тергелуде. Қылмыстық процеске қатысушылардың мүдделері үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етілмейді", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →