×

Қостанайдағы жарылыс: Қаза тапқан 3 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қылмыстық іс қозғалды

Қостанайдағы жарылыс: Қаза тапқан 3 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қостанай қаласында «Амангелді» тұрғын алабы Энергетиков, 1 мекенжайындағы құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

11 желтоқсанда сағат 12:36-да газ-ауа қоспасы жарылып, бір қабатты ғимарат опырылып түскен еді. Аумағы 280 ш.м. және жану ауданы 5 ш.м. Өрт сағат 13:52-де оқшауланды. Газ баллондарының жарылыстары адамға да, мүлікке де үлкен қауіп төндіреді және бұл жағдайда жарылыс ауыр зардаптарға әкелді.

«Қызыл жалын сағат 13:52-де оқшауланды. Газ баллондарының жарылуы адамға да, оның мүлкіне де үлкен қауіп төндіреді. Кеше болған жарылыс соның дәлелі. Кешегі өрт сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдай қызметі және жергілікті атқарушы органдарының 263 қызметкері мен 61 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ «ДОС», «Қызыл жарты ай» «10 Регион»  волонтерлік топтары тартылды», – деп хабарлады облыстық ТЖД департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, іздестіру жұмыстары барысында 12 адам құтқарылды. Үш адам қаза болды. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Облыстық ауруханаға 4 адам жатқызылды. Қалалық ауруханаға 6 адам орналастырылды. 1 адам өз бетінше медициналық қызметке жүгінді, тағы біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты. Барлық зардап шеккендерге медициналық қызмет толық көлемде көрсетілуде. Қазір Қостанай қаласы Полиция басқармасы ҚР ҚК 292-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс салдарынан 7 жеңіл және 5 ауыр техника зақымдалды, сонымен қатар іргелес жатқан 12 жеке тұрғын үй бұзылған.

Осындай оқиғалар қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуде нормативтік-құқықтық базаны жақсартуға, техникалық стандарттарды жетілдіруге және жұмысшылардың біліктілігін жоғарылатуға стимул болуы тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
Кеше, 19:08

Шығыс Қазақстан халқы атынан бүркітші Айшолпанға екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады
Жаппай төбелеске қатысқандардың көбісі кәмелетке толмаған
Олар іргелес мемлекеттерге  10-нан астам вагон-цистерна жөнелтпек болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →