×

Саунадағы балалар лагері: іс Алматы сотына жіберілді

Прокурорлар істі сотқа жіберді

Саунадағы балалар лагері: іс Алматы сотына жіберілді
Фото: nurgul_tau/Instagram

Алматы Білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 миллион теңге көлемінде пара алуға әрекеттену дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді.

«Қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы және Қылмыстық процестік кодекстiң 19-бабына сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептелетіні айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Білім басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысы ұсталған болатын. Сол кезде шенеунік жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мегаполис мекемелерінің оқушыларына арналған лагерь ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушіден 12 миллион теңгеден аса сомада 10 пайыз көлемінде пара алмақ болды деген күдікке ілінгені хабарланды. Пара жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп тану үшін арналған.

Еске салайық, 2023 жылғы 17 шілдеде Алматы халқының әлеуметтік осал топтарындағы балалар лагерьге тегін жолдама алғанын, алайда лагерь сауна ғимаратында ұйымдастырылғаны белгілі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →