×

Қаржы министрі заңсыз шығарылған активтер қалай қайтарылып жатқанын айтты

Активтерді қайтарудың екі нұсқасы бар

Қаржы министрі заңсыз шығарылған активтер қалай қайтарылып жатқанын айтты
Zakon.kz

2023 жылғы 13 желтоқсанда Мәжіліс кулуарында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстаннан бұрын заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ерұлан Жамаубаев заңсыз шығарылған немесе алынған мүлікті қайтару туралы заң қабылданғанын мәлім етті.

"Қазір заң күшінде, комиссия бірнеше рет отырыс жасады, капиталды қайтарудың екі нұсқасы бар – ерікті және мәжбүрлі. Бұл ретте тізілімге енуі мүмкін тұлға комиссияға келіп, өз еркімен мүлікті қайтара алады. Оның қандай мүмкіндіктері бар? Біріншіден, ол өңірлердегі, моноқалалардағы маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаны таңдап, қаржыландыра алады. Бұл опция заңмен қарастырылған. Не болмаса ақшалай әкеліп: "Мынаншасын қайтардым, мынаншасын елден алып кеттім, ол мынандай есепшотта немесе қобдишада, соны қайтарып отырмын" деп айта алады. Ол үшін арнайы есепшот аштық. Үшінші нұсқа – ол оны мүлікпен немесе акциялармен, облигациялармен немесе бағалы қағаздармен қайтара алады. Осы мақсатта біз оны басқаратын арнайы компания құрдық", – деді министр.

Министр бұл нұсқалардың барлығы заңда қарастырылғанын және мәселе тікелей сол адамға байланысты екенін айтты.

"Ол қажет шешімді қабылдауы керек. (Тұрғын үй құрылысы – ред.) жоққа шығарылмайды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Ол 1 триллион теңгеге жуық қаражат ерікті түрде мүлік, акциялар, облигациялар, ғимараттар, құрылыстар, ақшалай қайтарылғанын баса айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда
Бүгін, 11:29

Қазақстанда алғаш рет Аналар күні тойлануда

Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →