×

«Құралдар тозған, сервис сапасыз»: Сенатор «ҚТЖ»-ны қатаң айыптады

Депутат Зәкіржан Кузиев «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының үстінен тексеру жүргізуді талап етеді

«Құралдар тозған, сервис сапасыз»: Сенатор «ҚТЖ»-ны қатаң айыптады
inbusiness.kz

Депутат Зәкіржан Кузиев «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының үстінен тексеру жүргізуді талап етеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін сенат отырысында Кузиев көлік министріне палата депутаттарының алдына келуді талап етті. Оның сөзінше, Үкімет пен «ҚТЖ» басшылығының бүкіл талпынысына қарамастан, теміржол холдингінің тиімділігі өспеген. Оның үстіне кейінгі жылдары аталған салада бірқатар салмақты проблемалар қордаланып қалған. Ел аумағында теміржол желісі жеткілікті деңгейде дамымай жатыр. Негізгі құралдардың тозу көрсеткіші,  жолаушы тасымалдау құрамының тапшылығы, сервис сапасыздығы өсіп жатыр.  

«ҚТЖ» паркінде қазіргі таңда 2228 вагон бар. Оның ішінде 776 вагонның немесе 35 пайызының «жасы» 28 жылдан асып кеткен. Жолаушы вагондарының орташа тозу көрсеткіші – 53 пайыз,  жүк вагондарында – 55 пайыз, ал локомотивтерде 67 пайыздан асып кеткен. Бұл проблема Қазақстан арқылы өтетін транзиттің тартымдылығын күрт нашарлатып, көршілес елдерді балама маршруттар іздеуге мәжбүр етіп отыр», – деп бастады ол сауалын.

Айтуынша, қазан айының басында сенаторларға Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы шағымданған. Олар өз өтініштерінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы экспорт пен транзит  тасымалының негізгі және қосымша жоспарларын мақұлдаудан бас тартқанын атап көрсеткен. Ал «Кедентранссервис» және «KTZ Express» сияқты өз экспедиторларының жоспары кедергісіз іске асып жатыр. Сенатор бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі де  «ҚТЖ»-ның «өз» компанияларына бірқатар артықшылықтар беретінін  анықтағанын еске салды.

«ҚТЖ қызметінің түрлеріне жасалған талдау нәтижесінде монополияға қарсы орган қызметтің 424 түрінің тек 81-і, яғни 19%-ы ғана келісілгені анықталды. Осылайша, ҚТЖ өз іс-әрекеттерімен экспорт тасымалының ондаған жылдар ішінде жолға қойылған технологиясын бұзып, бәсеке теңсіздігін қалыптастырып отыр.

Оның  магистраль желісіндегі қозғалысты жоспарлап, басқарудың тиімсіз екені айтылып жүр.  Жыл басынан бері 400-ден астам тасымал құрамы жол орта қалған қалпы, қаңтарылған. Жалпы саладағы автоматтандыру деңгейі төмен. 

Ал негізі «ҚТЖ»-ның негізгі табыс көзі жүк тасымалынан түседі – 86 пайыздан астам. Салдарынан теміржолымыз ішкі нарықта да, оның сыртында да  бәсекеге қабілетсіз болып отыр», – деді Зәкіржан Кузиев.

Сенаторлар Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на бірнеше рет депутаттық сауал жолдағанымен, мәселені шешуге ықыласы жоқ салғырт жауаптар келген көрінеді.

«Жүк жөнелтушілер мен бизнес субъектілерінің көптеген шағымдарын ескере отырып, сізден «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметіне тексеру ұйымдастыруды, сондай-ақ Көлік министрлігінің басшылығын және бұрын жолданған депутаттық сауалдарға ауызша жауап беру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығын Сенатқа жіберуді сұраймыз», – деді Сенат депутаты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →