×

Қожаназаров: Жылқының мықтысы қырғыздарда, көкпаршылардың мықтысы бізде

Жылқы шаруашылығы қалай дамып жатыр

Қожаназаров: Жылқының мықтысы қырғыздарда, көкпаршылардың мықтысы бізде
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров асылтұқымды жылқы шаруашылығын дамыту арқылы қандай мақсат көзделіп отырғанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Өзіміз көкпар жылқысын тәрбиелеп, өз ережемізге сай қылу керек. Халықаралық ұлттық ойындардың бәрін де өз жылқымызға мініп, ұтуымыз керек! Себебі қазіргі таңда жылқылардың ең мықтысы қырғыздарда, балуандардың ең мықтысы бізде. Бұл дұрыс емес. Біздің балуандарымыздың астында ең мықты жылқы болуы керек. Сол жылқы біздің қазақтың жылқысы болуы керек”, – деді ол Мәжіліс кулуарында.

Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, заң шеңберінде айғырларды басқа елдерден сатып алып, селекция жасау көзделген. Субсидияны сол бағытқа бөлу көзделген.

Мәжіліс депутаттары ҚР кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Заң жобасы үш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Олар: асылтұқымды мал шаруашылығы туралы, селекциялық жетістіктерді қорғау туралы, агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңдарға өзгеріс.

Заң жобасы арқылы спорттық жылқы шаруашылығына мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және оның елдегі популяциясының өсуі үшін жағдай жасау, ұлттық ат спорты түрлерін дамытуды, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрлері мен өмір салтын насихаттауды қамтамасыз ету көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →