×

Алматыда үш жаңа саябақ салынады

Сондай-ақ қолданыстағы 3 саябақ аймағы абаттандырылады

Алматыда үш жаңа саябақ салынады
topphotospots.com

Биыл ауданы 64,8 га болатын 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылды: Оқушылар сарайы, ҚБТУ, Байсейітова көшесі, Желтоқсан саябағы, Көкмайса ықшамауданы, әуежайдың даңқ алаңы. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2024 жылы Сайран көлінде жаңа жасыл қоғамдық кеңістік құрылып, жұмыс 2025 жылы аяқталады.

Өжет, Кемел ықшамаудандары мен Боралдай өзенінің бойында 3 жаңа саябақ салу қарастырылуда. Сондай-ақ қолданыстағы 3 саябақ аймағын — Баум тоғайы, ҚР Тұңғыш Президенті саябағы мен Үлкен Алматы өзенінің жағалауын қайта жаңартып, абаттандыру жоспарда бар.

Нәтижесінде 2022-2023 жылдары саябақ аумақтарының ауданы 397 га-дан 977 га-ға дейін кеңейтіліп, 2024 жылы 1 080 га-ға дейін ұлғайтылмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Батыс Қазақстанда киікті ату науқаны басталды
Бүгін, 13:21

Батыс Қазақстанда киікті ату науқаны басталды

Батыс Қазақстан облысында киіктерді ату жұмыстары басталды. Бұл шара 30 қарашаға дейін жалғасады
Мемлекетке қайтарылған қаражат тағы бір ауданның игілігіне жарады
Қазгидромет мамандары алда кейбір аймақтарға қатты ыстық түсетінін ескертті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →