×

Қазақстан ғарышқа өз ғарышкерін қашан ұшырады – министр жауап берді

Қазақстан ғарышқа өз ғарышкерін ұшырады

Қазақстан ғарышқа өз ғарышкерін қашан ұшырады – министр жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Ресеймен бірлескен жоба аясында Қазақстан ғарышкерін ашық ғарышқа шығару мүмкіндігіне пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Біздің бастамамыз бар. Қазіргі кезеңде зерттеу институттарымен бірге қазақстандық зерттеуді бірлесіп жалғастыру мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Олар Халықаралық ғарыш стансасына арналған 6 бағдарлама аясында зерттеулер тізімін жасауды жалғастырып жатыр. Ғылыми бағдарлама іріктелгеннен кейін ғана біз Қазақстан ғарышкерін Халықаралық ғарыш стансасына жіберу мерзімін анықтап, жан-жақты мән-жайын айта аламыз», – деді Бағдат Мусин ведомствода өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, ғарышкерді ғарышқа бекерден-бекер жібере алмаймыз. Ол үшін ғылыми бағдарлама қажет.

«Қазіргі уақытта бірнеше ғылыми бағдарлама жүргізіліп жатыр. Ол ғылыми бағдарламалар комиссия арқылы іріктеп алынады. Бағдарлама іріктелгеннен кейін соған орай ғарышкер таңдалады. Бұл жұмысты қазір бастаймыз. Бүгінде нақты мерзімін айта алмаймын. Өткені бәрі бюджеттік қаржыландыруға да байланысты», – деді министр.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Қазақстан мен Ресей қазақстандық ғарышкерді ғарышқа ұшыру мүмкіндігін талқылап жатқаны жазылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Бүгін, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →