×

Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан 34 қылмыстық топ ұсталды

«Мал ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасы аясында

Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан 34 қылмыстық топ ұсталды
Ашық дереккөздерден

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 196 мал ұрысы құрықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда қысқы мерзімде соғым ет дайындау дәстүрі қалыптасқан. Бірақ дәл осы уақытта мал ұрлығы да жиілейтінін атап өткен жөн. Осыған байланысты жыл сайын Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу және оған қарсы күресті арттыру бойынша шаралар қабылдайды.

Желтоқсан және қараша айларында барлық өңірде «Мал ұрлығы» екі кезеңдік республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Операцияны жүргізуге тек полицейлер ғана емес, ветеринариялық бақылау мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылдырылды.

Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде 196 мал ұрысы және 34 қылмыстық топ ұсталды. Мәселен, Ақмола облысында екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар қараша айынан бастап қоралар мен сарайлардан 20 бас ұсақ малды ұрлап әкеткен. Қаскөйлер негізі елордада тұрған, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, сол себепті де құқық қорғау органдарының назарына ілікпеген.

Осылайша күдіктілер Ақмола облысының аумағында орналасқан жайылымға үш рет келіп, малды ұрлаған соң, оны сойып, етін Астана қаласының базарларында сатып жіберген.

Полицейлер күдікті көлікті байқағаннан кейін ғана ұрылар Талапкер ауылында төртінші ұрлықты жасау барысында құрықталды. Уақытылы қабылданған шаралар нәтижесінде биыл мал ұрлығы 13%-ға төмендеп отыр. Сонымен қатар ұрланған жануарлардың жартысынан көбі заңды иелеріне қайтарылды.

Қылмыстық қолсұғушылықтың құрбаны болмау үшін қарапайым ережелерді ұстану қажет:

– малды бақташының қарауынсыз қалдырмаңыз. Сіз, ол және әкімшілік арасында үш жақты шарт жасаңыз;

– қазіргі кезде кең таралған техникалық құрылғыларды, малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;

– малды таңбалауды немесе чиптеуді ұмытпаңыз, бұл болашақта мал іздеуде және иесін анықтауда көмектеседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
22.11.2024ж. 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →