×

«ҚТЖ» басшысы отставкаға кете ме – Көлік министрі пікір білдірді

Нұрлан Сауранбаев отставкаға кете ме

«ҚТЖ» басшысы отставкаға кете ме – Көлік министрі пікір білдірді
Фото: bangkokbook.ru / primeminister.kz

Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында Көлік министрі Марат Қарабаев «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты отставкаға жіберу туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сіз теміржол саласының екі жылдағы жағдайын немен бағалап отырсыз? Жалпы биыл тасымал көлемі 5 пайыз өсті. Транзит көлемі биылдың өзінде 25 млн тоннаға жеткенін айттым. Өсім 20 пайыз деңгейінде болып тұр. «ҚТЖ»-да бар проблемалар жылдар бойы қордаланған. Сондықтан «ҚТЖ» ұлттық операторы министрлікпен бірге шаралар қабылдап жатыр. Ол туралы сіз жақсы білесіз деп топшылаймын. Бұған дейін де біздегі жүк вагон паркінің тозу көрсеткіші 60 пайыздан асқанын бірнеше рет айттық. Сондықтан биыл 3 мың жаңа вагон сатып алу туралы келісім бекітілген. Жолаушы вагондарының тозу көрсеткіші 50 пайыздан асқанын айттық. Сондықтан биыл 64 жолаушы паркін сатып алдық. Локомотивтер де тозған. Оны жоққа шығарып отырған жоқпын. Жазда проблемалар болды. Бірақ бұл транзит емес, экспорттың көлемдерімен байланысты. Сондықтан биыл 114 локомотив сатып алдық», – деді министр.

Оның айтуынша, мәселе кезең-кезеңімен шешіліп жатыр.

«Көлік министрі ретінде Н.Сауранбаевтың жұмысын «жақсы» деп бағалайсыз ба?» – деп сұрады журналист.

«Мен Көлік министрлігінің басшысы ретінде Қазақстандағы теміржолдардың қызметіндегі проблемалар жылдар бойы қордаланған және қадам-қадаммен шешіліп жатыр деп бағалаймын», – деді Марат Қарабаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →