×

Алматының орталығында қандай сауда павильондары сүріледі

Шешім мамыр айында қабылданған

Алматының орталығында қандай сауда павильондары сүріледі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының орталығындағы сауда павильондары сүрілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, Достық даңғылы 170/1 бойындағы сауда нысандары заңсыз салынған.

2023 жылғы 20 желтоқсанда таратылған хабарламада бұл сауда павильондарын бұзу туралы шешімді сот мамыр айында қабылдағаны айтылған.

"Кеше сот шешімін орындау үшін дүңгіршектерді бөлшектеу басталды. Сол учаскеде орналасқан ғимаратты бұзуға қатысты сот процесі де аяқталды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін басқарма 2022 жылғы 28 қазанда меншік иесіне қатысты Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берген.

“2023 жылғы 9 маусымда сот бұзу туралы талапты қанағаттандырды. 2023 жылғы 29 тамызда Алматы қалалық сотының қаулысымен Медеу аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда атқару парағы Әділет департаментінде.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Кеше, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →