×

Алматыда су құбыры жарылып, көшелерді су басты

Алматыда су құбыры жарылып, көшелерді су басты
tengrinews.kz

Алматының бірнеше көшесін су басты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мыңбаев көшесі 49 мекенжайында су құбырының жарылуына байланысты сағат 3:40-тан бастап солтүстік ағытта орналасқан көшелерді, оның ішінде Әуезов көшесін су басқан. Су Райымбек даңғылына дейін жеткен, ол жерден мүмкіндігінше арық желісіне бұрылып жатыр.

"Көктайғақтың алдын алу үшін Алматы тазалық МҚК қызметкерлері жол бойына 18 құмсепкіш көліктің күшімен, тротуарларға 4 тротуар тазалаушы көлікпен көктайғаққа қарсы материал себуге кірісті. Апаттың салдары бүгінгі күннің аяғына дейін реттелетін болады. Су басқан орындарда көктайғақ жабынының пайда болу ықтималдылығын ескере отырып, жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты сақтап, апатты жағдайды туындатпас үшін оқыс әрекет жасамауға шақырамыз. Аталған аумақтарды мүмкіндігінше айналып өтуге кеңес береміз. Жаяу жүргіншілерді тротуарлармен жүргенде сақ болуға шақырамыз", - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →