×

Депутат Дулат Тастекей қазақ тілін қолдау қорына 100 млн теңге аударады

Бұл туралы меценаттың көмекшісі Рауан Оқас мәлімдеді

Депутат Дулат Тастекей қазақ тілін қолдау қорына 100 млн теңге аударады
жеке мұрағатынан

Белгілі меценат, кәсіпкер Дулат Тастекей қазақ тілін қолдауға арналған QAZAQ TILI Endowment Qory эндаумент-қорына 100 миллион теңге аударады. Бұл туралы меценаттың көмекшісі Рауан Оқас мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дулат Тастекейді көпшілік қазақ тілінің жанашыры ретінде таниды. Ол өзі басқаратын компанияда қызметкерлердің қазақ тілінде сөйлеуін талап етіп, іс-қағаздарды қазақшалаған. 

Айта кетейік, 7 желтоқсанда ең алғашқы болып аталған қорға жеке қаражатынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 млн теңге аударған болатын.  

Бұл қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету.

Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс "Қазақ тілі" қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.

QAZAQ TILI Endowment қорын беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Кеше, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →