×

Салтанат Нүкенованың мәйітіне қанша сараптама тағайындалғаны белгілі болды

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті

Салтанат Нүкенованың мәйітіне қанша сараптама тағайындалғаны белгілі болды
kursiv.media

Биыл 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде қастандықпен өлтірілді деген Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Салтанат Нүкенованың денесіне сараптама жүргізу туралы материалдар келіп түсті. Оның қалай қайтыс болғанына қатысты мән-жайды айта алмаймыз. Қылмыстық іс аясында 12 түрлі сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы шығарылып, құзырлы органдарға жіберілді. Біреуі осы аптада аяқталады. Ал 12-сараптама күні кеше ғана келіп түсті. Заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес, 30 күнтізбелік күнде сараптама өткізілуі тиіс. Сараптама қорытындылары Ішкі істер министрлігіне жолданады», – деді Талғат Уәли.

Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бүгін Сенат кулуарында Қуандық Бишімбаев ісін тергеу қай сатыда екенін айтты. 

«Тергеу жуық арада аяқталуы керек. Сараптама аяқталғаннан кейін ол сотқа жіберіледі. Мен бәрі дайын деп айта алмаймын. Барлығы біткен соң, алдымен материалдармен танысу мақсатында оны екі тарапқа ұсыну керек. Бұл да уақытты талап етеді», – деді ол. 

Еске салайық, бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. 

Қылмыстық іске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →