×

Депутат зейнетақы жинағын төлеу кезіндегі салықты жоюды ұсынды

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын төлеу кезіндегі салық алынып тасталады ма

Депутат зейнетақы жинағын төлеу кезіндегі салықты жоюды ұсынды
Фото: azattyq-ruhy.kz

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков өзінің депутаттық сауалында зейнетақы жинағын төлеу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) ұстауды жою туралы мәселені қарауды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Қазақпаратқа» сілтеме жасап.

Оның айтуынша, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне қазір 10% жеке табыс салығы салынады. Азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін қазір тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін пайдалана алады. Бұл ретте, ақша алған кезде бірден немесе зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін ай сайын тең үлеспен салық төлегеннен кейін жүзеге асуы тиіс.

«БЖЗҚ-дан жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен арнайы әлеуметтік төлемдер тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін алу кезінде туындайтын кейінге қалдырылған ЖТС сомасына түзетілуі тиіс. Осы түзетудің салдарынан зейнетақы төлемі мөлшерінің едәуір азаю қаупі бар. Ал кейбір жағдайда оның мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен де аз болады. Мұның бәрі зейнетақы төлемдерін алушылар жағынан әлеуметтік шиеленіс пен наразылықтың туындауына әкелуі мүмкін», – деді ол.

Депутат осыған байланысты өз ұсынысын жолдады. Олардың бастысы – зейнетақы жинағын төлеу кезінде жеке табыс салығын ұстамау.

«БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемі зейнеткерлер мен Қазақстан халқы үшін әлеуметтік маңызды мәселе саналады. Осы ретте, зейнетақы төлемінен салық түрін ұстап қалу зейнетақы сомасын азайтады, бұл қазіргі нарықтық жағдайда айтарлықтай маңызды мәселе. Себебі зейнетақы қорынан түсетін төлемдер – зейнеткерлер үшін негізгі табыстың бірі. Бұл тұрғыда болашақ зейнеткерлердің әл-ауқатына оң ықпал ету мақсатында барлық зейнетақы жинағын төлеу кезінде ЖТС ұстап қалуды жою туралы мәселені қарау ұсынылады», – деді сенатор.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Кеше, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →