×

Қазақстанда автокөлік бағасы арзандады

Бұл жағдай елдегі автокөлік саудасының артуына оң әсер етпек

Қазақстанда автокөлік бағасы арзандады
Фото: egemen.kz

2023 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша автокөліктің орташа бағасы 2,3 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстанның автокөлік одағының мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандық дилерлер 175 255 көлік сатқан.

Қарашаның соңында Қазақстанда автокөліктің орташа бағасы 14 млн 810 мың теңгеге дейін төмендеген. Бұл жағдай елдегі автокөлік саудасының артуына оң әсер етпек.

Қарашада Қазақстанда 17 538 жеңіл, сондай-ақ 1 429 жүк көлігі мен автобус сатылды. Бұл 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 54,1%-ға артық.

2023 жылғы қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда ең көп сатылған автомобиль брендтері Chevrolet (4243 автомобиль, жылына +35,7%), Hyundai (3605, +16,9%), Kia (2101, +22,3%), Toyota (1252, +79,4%) және Chery (1218, +58,8%) болды. Қарашадағы ең танымал модельдер Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson, Chevrolet Onix, Hyundai Santa Fe және Chery Tiggo 2 болды. 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша сату рекорды Hyundai брендіне тиесілі (42 038 автомобиль), Chevrolet екінші орында (40 011), үшінші орында – Kia (23 070).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
Кеше, 16:02

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

  Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті
Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →