×

Чехияда студент 15 адамды атып өлтірді

Прагада студент адамдарға оқ атты

Чехияда студент 15 адамды атып өлтірді
Фото: Česká televize

Прага орталығында атыс болып, 15 адам қаза тапты. Оқ атқан университет студенті болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Euronews мәліметінше, Чехияның құтқару қызметі Прага қаласының орталығындағы атыс салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, тағы ондаған адам жараланған.

Қарулы адам сағат 16.00 шамасында тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапты. Чехия полициясының басшысы Мартин Вондрашектің сөзінше, күдікті 20 жастағы студент және оның бірнеше қаруы болған, бұған дейін полиция ол туралы ештеңе білмеген. Билік бұл «оқиғаның» халықаралық терроризмге қатысы жоқ деп санайды.

Шабуыл жасаған адам жақында болған бірнеше атыстардан, соның ішінде 7 желтоқсанда Брянскіде болған оқиғаға қызыққан болуы мүмкін деп есептеледі. Ол кезде 14 жастағы қыз екі студентті өлтірді. Бұл туралы Чехия полициясының басшысы баспасөз мәслихатында айтты.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, атыс Ян Палах алаңындағы Чарльз университетінің философия факультетінде болған. Бастапқыда сол алаңда орналасқан мектепте оқ атылды деген хабарламалар тарады.

Прагадағы құтқару қызметінің өкілі Яна Пестова 30 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
10.12.2024ж. 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →