×

Ресей Пригожин бүлігін басу үшін Тоқаевтан көмек сұрағаны рас па – Ақорданың баспасөз қызметі жауап берді

Ресей Тоқаевтан Пригожин бүлігін басу үшін көмек сұраған ба

Ресей Пригожин бүлігін басу үшін Тоқаевтан көмек сұрағаны рас па – Ақорданың баспасөз қызметі жауап берді
Фото: akorda.kz

Ресей Тоқаевтан Пригожин бүлігін басу үшін көмектесуін сұраған. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы өз зерттеуінде жазады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Басылымның мәліметінше, бұл оқиғаның басты тұлғасы Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев болған. Ол былтыр жаздан бастап Путинге «вагнерліктердің» Кремльге қауіп төндіретінін ескерткен. Алайда Путин Патрушевтің сөзіне құлақ аспаған.

Ал биыл жазда көтеріліс басталғанда, Патрушев қақтығысты шешу үшін делдал болатын адамдарды іздей бастаған. WSJ жазуынша, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстан Президентіне де өтініш айтқан.

«Патрушев Александр Лукашенко мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа да телефон соқты. Ол қақтығысты шешу үшін делдалдарды іздеді. Ресей әскері Пригожиннің жалдамалыларын ұстай алмаған жағдайда, Қазақстан өз әскерін жібереді деп сенген. 2022 жылдың қаңтарында ҰҚШҰ күштерін Қазақстанға кіргізгені үшін осындай жауап қайтарылады деп болжаған. Алайда Тоқаев бас тартқан», – деп жазды WSJ басылымы.

Басылымның жазуынша, бүліктен кейін Патрушев Пригожинді жою жоспарын жасаған. Оның үстіне, ол мұны Путинге көрсеткен. 23 тамызда ұшақты тексеру және ұшуға дайындау кезінде қанатының астына бомба қойылған. Жарты сағаттан кейін шамамен 8500 метр биіктікте бомба жарылып, борттағы барлық адамдар қаза тапты.

Алайда Ақорданың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →