×

«Өмірімде өзгеріс болғалы тұр»: Бельгиядан анасын іздеп келген Жәнібек жақсы жаңалығын бөлісті

Жәнібек соңғы аптада Қазақстанның мегаполисі Алматыда болып қайтқанын, республикалық арнада телебағдарламаға қатысып, көптеген жақсы адаммен танысқанын жазады

«Өмірімде өзгеріс болғалы тұр»: Бельгиядан анасын іздеп келген Жәнібек жақсы жаңалығын бөлісті
Ашық дереккөзден

Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек әлеуметтік желіде жазба жариялап, анасын іздеуін тоқтатпайтынын хабарлады.

«Туған анамды іздеуіме «Көреміз» бағдарламасының көп ықпалы тиді. Олармен бірге мен өзімнің туған жеріме тұңғыш рет барып, Отанымды көруге мүмкіндік алдым. Осылайша біз Қостанайға барып, анамды іздеу үшін ұзақ жолға шықтық», – дейді Жәнібек.

Жәнібек соңғы аптада Қазақстанның мегаполисі Алматыда болып қайтқанын, республикалық арнада телебағдарламаға қатысып, көптеген жақсы адаммен танысқанын жазады. Бағдарлама барысында анасы болуы мүмкін деп болжанып отырған бір азаматшадан сынама алынған. Негізі, екі ДНК сынаманың нәтижесін күтіп отыр. Мұның алдында Қазақ радиосының “Бармысың, бауырым?” бағдарламасының көмегімен тағы бір азаматша ДНК сынама тапсырған. 

«Сонымен, достар, жақында менің өмірімді өзгертетіндей үлкен жаңалықтар болуы мүмкін. Ал мынау видео еліміздің әсем қаласы мен жүрегі – Астанаға қайтып келе жатқанда түсірілген. Бұл постты жазуымның негізгі себебі: Жақында менің өмірім жайлы шығарылым эфирге жол тартпақ. Оны барлығы үлкен теледидардан немесе ютуб арнасынан көруіне болады. Егер анамнан ешқандай хабар болмаса, бұнымен тоқтамаймын. Іздеймін, зерттеулерді жалғастырамын. Менімен бірге дұғада болған әрбір адамға шын жүректен алғыс айтамын. Бұл іздеу әлі аяқталған жоқ. Мен анамды сіздердің көмектеріңізбен табамын. Рақмет сіздерге!» – деп жазады ол.

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық отбасы асырап алған қазақ бала анасын іздейтіні хабарланған еді. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев Facebook парақшасында жазған.

«Мына видеода ағылшынша сөйлеп, Сіздерден көмек сұрап отырған жігіттің есімі – Жәнібек, бірақ қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтарында Арқалық қаласында дүниеге келген. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткен», – дейді Олжас Беркінбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →