×

«Бір күнде өзгертіп тастау оңай». Балаева паранжа мен никаб киюге қашан тыйым салынатынын айтты

Министр дін саласындағы бағытта үш өзара байланысты міндет туралы айтты

«Бір күнде өзгертіп тастау оңай». Балаева паранжа мен никаб киюге қашан тыйым салынатынын айтты
Qaz365.kz коллажы

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қоғамдық орындарда паранжа мен никаб киюге қашан тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Дін мен мемлекет бөлек. Әр адамның діни сезімін құрметтеуіміз керек. Сол тұрғыда әрбір шешім жан-жақты қоғаммен талқыланып, зерделеніп, содан кейін қабылданады. Бір күнде өзгертіп тастау оңай. Ертең қандай шу болатынын, адамдар наразылығын білдіретінін ескеруіміз керек. Депутаттардың да нақты сауалдары болатын. Біріншіден, дін саласындағы тұжырымдамамызды анықтап алдық. Бүгінде не өзекті, қандай мәселелер нақты керек деген. Ал енді қауіпсіздік тұрғысында міндетті түрде паранжа, никабқа қатысты ұстанымнан кеткен жоқпыз. Оны заңды тұрғыда қарау мәселесі, оның салдары бойынша қазір зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы да айтамын, ол тек қана біздің министрліктің құзыретінде емес. Қоғаммен ақылдасып жасалатын іс-шара», – дейді Аида Балаева.

Ол сондықтан талқылаулар міндетті түрде ендігі жылы болады деп айтты. Министр дін саласы министрлік алдындағы үлкен жауапты бағыт екенін атап өтті. Бұл бағытта үш өзара байланысты міндетке тоқталды. 

«Біріншісі – халық арасына зайырлы мемлекет құндылықтарын насихаттау, екіншісі – дінаралық келісімді сақтау, үшіншісі – діни экстремизмді болдырмау. Осыларды іске асыру үшін де өзара үш тығыз бағытта жұмыс істеп келеміз. Бұл – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, деструктивті діни көзқарастағы азаматтарды райынан қайтару және интернет арқылы діни экстремизм идеологиясына қарсы жұмыстар. Әрине, мәселенің салдарымен емес, себебімен күресу керек екені айқын», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →