×

"Астарлы ақиқаттың" Қаңтар оқиғасына қандай қатысы бар - Дина Төлепбергеннің істі бола жаздағаны рас па

Ол Қаңтар оқиғасынан кейін өзі жүргізетін бағдарлама не себепті 9 айға жабылып қалғанын түсіндіруге тырысты

"Астарлы ақиқаттың" Қаңтар оқиғасына қандай қатысы бар - Дина Төлепбергеннің істі бола жаздағаны рас па
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепберген Қаңтар оқиғасынан кейін өзі жүргізетін бағдарлама не себепті 9 айға жабылып қалғанын түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Астарлы ақиқат» бағдарламасын 9 айға не себепті жапты?» – деп сұрайды Дина Төлепбергеннен сұхбат алған тілші Аман Тасыған.

Бұл сұраққа жауап берген журналист әңгімесін «ол бір үлкен жұмбақ» деп бастайды. Айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде басшылығы шақырып алып, «Дина, «Астарлық ақиқатты» біз жабамыз» деп хабар берген. 

«Неліктен деген сұрақ, әрине, менде де туындады. Маған «енді қазір сен БАҚ-қа шығып, шулайтын болсаң, сенің де бұл іске қатысың бар деп, ертең айып тағуы мүмкін, сондықтан шулатпағаның абзал» деп ақыл-кеңесін айтты. Халық ол кезде қатты наразы болды. Ал «Астарлы ақиқат» бүкіл наразылықты шығаратын бағдарлама. Одан сайын өршіп тұрған жағдай кезінде халықты одан ары өршіту дұрыс емес деді. «Егер сен халықтың жанайқайын жеткізе берсең, халық одан шулап, елдегі саяси жағдай нашарлап кетуі мүмкін» деді. Сол кезде «мен үшін не маңызды, бейбіт өмір ме, әлде «Астарлы ақиқат» па?» деп ойладым. Әрине, бейбіт өмір», – дейді Дина Төлепберген.

Осы себепке байланысты басшылығымен ләм-мим демей келіскен. «Бұл сылтау ма, әлде себеп пе?» деген сұраққа журналист «бұл себеп, шындық» деп жауап береді.

«Біз жабылып жатқан кезде басқа ток-шоулар ашылып жатты. Мен соңына дейін бұл сұрақтың жауабын білмеймін», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →