×

Маңғыстау облысында көл жағасынан 30-ға жуық аққудың өлексесі табылды

Қазір құстардың қырылуына байланысты сараптама жұмысы басталды

Маңғыстау облысында көл жағасынан 30-ға жуық аққудың өлексесі табылды
Фото: Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

Маңғыстау облысындағы Қаракөл аумағынан отызға жуық аққудың өлексесі табылды. Қазір құстардың қырылуына байланысты сараптама жұмысы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, аққулардың қырылуы бір апта бұрын анықталған.

«21-22 желтоқсан күндері Маңғыстау облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақта «Қарақия-Қаракөл» қаумалының инспекторлары қорғау, рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Қаракөл көлі аумағынан 30 аққудың өлексесі табылды. 23-24 желтоқсан күндері де көлден өлген аққу денелері табылған. Құстардың қырылуына байланысты тиісті ветеринарлық сынамаларды алу үшін «Үстірт» қорығы тарапынан (қаумалдың қорғау жұмысы «Үстірт» қорығына жүктелген) облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің МО аумақтық инспекциясына хабарланып, Ақтау қалалық ветеринарлық станциясының мамандары 22 желтоқсан күні аққу өлекселерінен тиісті сынамалар алды», – деп жазылған инспекция таратқан ақпаратта.

Бұдан бөлек, құстардың қырылуына байланысты Алматы қаласындағы «Микробиология және вирусология» ғылыми өндірістік орталығы мамандары да өлген аққулардан тиісті сынамалар алғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, МО экология департаментінде көл суынан сынама алу туралы хат жолданды.

Инспекция мамандары Қаракөл көлінде аққу өлекселерінен алынған сынамалардың қорытындысы шыққаннан кейін қосымша хабарлама беретінін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назым Қызайбай Әлем кубогындағы жекпе-жекте өзбекстандық қарсыласын ойсырата жеңді
Бүгін, 15:11

Назым Қызайбай Әлем кубогындағы жекпе-жекте өзбекстандық қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде кемі қола медальді қоржынына салды.
AZAL жолаушылар ұшағының Ақтаудағы апатына қатысты тергеу үш елде бір уақытта жүргізіліп жатыр, сараптама нәтижелері жақын уақытта жариялануы мүмкін.
АҚШ президенті соғысты тоқтатуға бар күшін салатынын мәлімдеді.
Үш жылдан бері күдікті қашып жүрген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →