×

Танымал қазақстандық рэпер есірткімен ұсталды

28 жастағы рэпер ұсталды

Танымал қазақстандық рэпер есірткімен ұсталды
Фото: pexels

Павлодар облысының полицейлері есірткі таратқан деген күдікпен рэп орындаушысы мен дыбыс жазу студиясының продюсерін ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тыйым салынған заттарды таратқан деген күдікпен музыкант пен продюсерді ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар Павлодарда қашықтан есірткі сатпақ болған.

Полицияның мәліметінше, астаналық рэпер мен продюсер есірткіні заңсыз интернет-дүкеннің мүддесі үшін таратқан.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 28 жастағы рэпер ұсталды, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде бір орама каннабис пен ұялы телефон табылды. 27 жастағы азаматқа тиесілі дыбыс жазу студиясын тінту кезінде өсімдік тектес есірткі заттары, тауарды орауға арналған электронды таразылар мен ноутбук табылды», – деді Павлодар облыстық ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер қамауға алынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →