×

Шу тұрғынының кір жуғыш машинасынан 11 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Тәркіленген есірткілердің қара нарықтағы жалпы құны – 11 млн теңге

Шу тұрғынының кір жуғыш машинасынан 11 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысы тұрғынының кір жуғыш машинасынан 11 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Шу ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жамбылдық полицейлер күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайда тұрған кір жуғыш машинаның ішінен 4 полипропилен қапшықтағы өсімдік тектес зат пен ерекше иісті ұнтақ заты бар пакет және ұнтақтауға арналған елек тауып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысы бойынша аталған заттар жалпы салмағы 111 келі 500 гр кептірілген марихуана және жалпы салмағы 2 келі 960 гр гашиш есірткісі болып шықты. Бұл есірткілердің қара нарықтағы жалпы құны – 11 млн теңге.

Сондай-ақ жазғы ас үйдегі диванның астынан 12 мм калибрлі ТОЗ-63 тіркелмеген қос ұңғылы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →