×

«Қорқынышты әрі ұят»: Бишімбаевтың бірінші әйелі Салтанат Нүкенова жайлы айтты

Бишімбаевтың бірінші әйелі әлеуметтік желіде пост жазды

«Қорқынышты әрі ұят»: Бишімбаевтың бірінші әйелі Салтанат Нүкенова жайлы айтты
Ашық дереккөзден

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһармен Салтанат Нүкенованың өлімінен кейінгі балаларының қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен үнсіздігімді қойып, пікір айтайын деген шешім қабылдадым. Салтанаттың қайғылы қазасынан бері 40 күннен астам уақыт өтті. Балаларға және маған не болып жатқанын түсіну үшін уақыт керек болды. Балаларым және мен Салтанаттың отбасына шын жүректен көңіл айтамыз. Мен Салтанатпен жеке таныс емес едім. Алайда балаларым онымен дос болып, Салтанатты ашық-жарқын, мейірімді және өте жанашыр адам ретінде еске алады», – деп жазды Назым Instagram парақшасында.

Ол балаларының оқиғаны қалай қабылдағанын айтып берді.

«Бұл нәрсені балаларымның ең жақыны, тірегі, қолдаушысы болуы керек адам жасағаны ауыр тиді. Қорқынышты, ұят әрі қатты қиын.  Балаларым басынан өткерген қиыншылық, әрине, Салтанаттың туыстарының азабының жанында түк емес. Бірақ балаларымның жақсылық пен мейірімнің жағында болатынына сенемін», – деп жазды Бишімбаевтың экс-әйелі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →