Жаңа сенатор ант берді
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Бибігүл Аққожина депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттың Қостанай облысынан сайланғанын атап өтті.
Мәжіліс спикерінің таныстыруынан кейін Бибігүл Аққожина ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!» – деді сенатор.
Сондай-ақ ол Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті құрамына сайланды.
Бибігүл Аққожина 1971 жылы туған. Қостанай мемлекеттік университетін психология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасын басқарған.