×

Қазақстан «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады

«Талибан» қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне енбеген.

Қазақстан «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады
Фото: news18.com

Қазақстан «Талибан» қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан тыйым салынған лаңкестік ұйымдардың ұлттық тізімін өзектілендіру мақсатында тұрақты түрде қайта қарап отырады. Осы процесс аясында БҰҰ тәжірибесіне сәйкес «Талибан қозғалысын» одан шығару туралы шешім қабылданды», – деді Смадияров.

Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндетті болып табылатын қарарларына сәйкес, «Талибан» қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне енбегенін атап өтті.

«Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған шешімдер мен қарарларды әрі қарай да қатаң ұстанатынын атап өткім келеді», – деді Смадияров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →