×

Шымкентте тауар сөресінен iPhone ұрлағандар бірнеше минутта ұсталды

Келтірілген шығын көлемі – 450 мың теңге

Шымкентте тауар сөресінен iPhone ұрлағандар бірнеше минутта ұсталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте тауар сөресінен iPhone ұрлағандар санаулы минутта ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға кешкі уақытта қаладағы электроника дүкендерінің бірінде болған. Жалған сатып алушылар айналасында адам болмаған сәтті пайдаланып, сатушының тауар сөресінде қалған телефонын ұрлап кеткен.

“Смартфонын жоғалтқан дүкен қызметкері оқиға туралы дереу Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктілерді санаулы минуттарда анықтап, ұстады”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі таңда полицейлер бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен тергеу жүргізіп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
11.07.2025ж. 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →