×

Ауғанстанда аяздан 20 адам қайтыс болды

Ауғанстанда аяздан 20 адам қайтыс болды
фото: ашық дереккөзден

Ауғанстанның әртүрлі аймақтарында ауа-райы күрт суып, бұрын-соңды болмаған аяздан кемінде 20 адам қайтыс болды. Бұл туралы"Ферғана" АА TOLOnews телеарнасына хабарлады. 

Герат провинциясының аймақтық ауруханасының мәліметтеріне сәйкес, кем дегенде 70 адамды үсік шалып, ауруханаға жатқызылған. Аязда далада қалған төрт адам қайтыс болды.

Жергілікті биліктің ақпаратына сәйкес, Бадгис провинциясында тағы бес адамды үсік шалып, оларды дәрігерлер құтқара алмаған.

"Бір шопан мен төрт бала суықтан қайтыс болды", - деді Бадгис губернаторының өкілі Ахмад Ханзала.

Пәкістанмен шектесетін Хост провинциясындағы бес адам, Солтүстік Фаряб провинциясындағы екі адам және Солтүстік Джаузжан провинциясындағы екі адам да аяздан қайтқан.

Адамадармен қоса қыстың қысымына мал да шыдамады. Әр түрлі провинцияларда кем дегенде 4000 бас ірі қара өлгені атап өтілді.

Сондай-ақ, елдің бірнеше аймақтарында мыңдаған акр ауылшаруашылық жерлері мен жүздеген жылыжайлар аяздан зардап шекті.

Суық мезгілде ауғандықтар жылыну үшін газ пештері мен көмірді пайдаланады, ол да адам өліміне әкеледі. Соңғы 10 күнде елде кем дегенде 10 адам уланып қайтыс болған, деп хабарлайды Ауған БАҚ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →