×

«Анасына асыққан Жәнібек». Қымбат Досжан тағы бір шындықтың бетін ашып, елден көмек сұрады

Қымбат Досжан әлеуметтік желіде пост жазды

«Анасына асыққан Жәнібек». Қымбат Досжан тағы бір шындықтың бетін ашып, елден көмек сұрады
Фото: Қымбат Досжан парақшасынан

Биологиялық ата-анасын іздеп, Қазақстанға келген Жәнібекті перзентханада ауыстырып алған болуы мүмкін. Бұл туралы «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бармысың, бауырым?» хабары редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншекті ДНҚ сараптамасын жасауға көндіргенімізді, зерттеу нәтижесі теріс шыққанын өздеріңізге 28 желтоқсан күні тікелей эфирде жарияладық. Нәтижеге дейін «Жазира» деген келіншектің табылғанын айттық. Ол өзінің 2002 жылғы қаңтарда Арқалыққа басқа жақтан барып босанғанын, ұлды болғанын, 4 күннен кейін қолхат жазып кеткенін, тіпті өзінің аты-жөнін өтірік айтқанын да мойындап отыр», – дейді журналист.

Оның айтуынша, бағдарлама ұжымы ДНҚ нәтижесіне сенімді болу үшін басқа клиникаға, яғни ҚР Әділет министрлігі Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтынан қан құрамы бойынша зерттеу жүргізуді сұраған. 

«Қорытынды қолымызға тиді. Екінші нәтиже бойынша да Жазира Жәнібектің биологиялық анасы емес екені анықталды. Қорытынды нәтижесі – 0 %. Бала ауыстырылуы мүмкін деген күдік әлі бар. Өйткені Жәнібектің анасы деп көрсетілген, өз қолымен қолхат жазып кеткен және бүкіл оқиғаны мойындап отырған әйел табылды. Сонымен қатар, редакция зерттеу жұмысы барысында Арқалық қаласының жедел медициналық жәрдем стансасының 2002 жылғы қаңтардың 16-17 күндері қай мекенжайға барып, перзентханаға қанша жүкті әйелді апарғаны жөніндегі мәлімет сұрап, ресми хат жазылды. Өкініштісі, ондай мәлімет жоқ, «Заң бойынша ол мәлімет 2 жыл ғана сақталады» деген ресми жауап келді», – дейді Қымбат Досжан.

Ол  зерттеу жұмысы жалғасатынын айтты. «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясы жақын күндері арнайы Арқалыққа жолға шығады екен. 

«Осы оқиғаға қатысты маңызды мәлімет білетін адамдар болса, құпия түрде қабылдаймыз, whatsapp: 8-771-321-97-86», – деп жазды бағдарлама жүргізушісі.

Жәнібек қазір Испанияның Мальорка аралында тұрады. Асырап алған отбасы оған еуропаша білім беріп өсірген. 

Миграция заңы бойынша ол жақында Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →