×

«80 мың теңгеге қалай күн көреміз?»: «Жасыл Тараз» мекемесінің жұмысшылары наразылық білдіріп, облыс әкімдігіне барды

Жұмысшылар басшылыққа наразы

«80 мың теңгеге қалай күн көреміз?»: «Жасыл Тараз» мекемесінің жұмысшылары наразылық білдіріп, облыс әкімдігіне барды

Тараз қаласының көше тазалығына жауапты «Жасыл Тараз» мекемесінің қызметкерлері облыс әкімдігінің алдына жиналды. Олар айлығының қысқарып қалғанына шағымданады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл жұмысшылар мекемедегі Тоқаева мен Әбішев жұмыстан кетсін деп талап етеді. Тоқаева деген – осы «Жасыл Тараз» мекемесінің басшылық құрамындағы қызметкер. Жұмысшылар одан көресіні көрдік дейді», – дейді журналист Нурадин Рақай оқиға орнынан тікелей эфирге шығып.

Журналистің айтуынша, былтыр да дәл осы мәселемен мекеме жұмысшылары көшеге шыққан. Ол кезде мәселе шешіледі деп уәде берілгенімен, ол орындалмаған.

«Бұл кісілерге 80 мың теңге мекемеден берілсе, қалған 70 мың теңге жұмыспен қамту орталығынан берілген. Жыл басында, яғни қаңтар мен ақпанда ол жақтан 70 мың теңге төленбейтін болыпты. Сөйтіп, 80 мың теңгеге күндеріңді көріңдер деген. Тұрғындар соған наразы», – дейді журналист.

Жұмысшылардың бірі «80 мың теңге айлық қайда жетеді?» деп шағымданады.

«Несиеміз бар. Қарызымыз бар. Кеше директор алдына барып едік, әзірге осы 80 мың теңгемен қала беріңдер, наурызда көреміз дейді. Қалған ақшаны қоса ма, қоспай ма – белгісіз», – дейді Нағима атты жұмысшы.

Мекеме басшылығы жұмысшыларға «Жасыл Тараздың» қарызы барын айтып, уәжін білдірген.

«Былтыр қарыз жабамыз деп, олар бізді штаттан шығарып, қарапайым жұмысшыларды құрбан етті. Сөйтіп, бір жылдан кейін штатқа алатын болған. Ешкімді қабылдаған жоқ», – дейді Фарида атты жұмысшы.

Жұмысшылардың бірі басшылық бұған дейін қарыздан шығып келе жатырмыз деп айтқанымен, онысы жалған болып шыққанын айтады.

«Құр уәде берілді ме бізге? Енді жылдың басына келгенде екі ай бойы конкурс күтіп отыр. Екі айға дейін бұл кісілер қалай бала-шағасын бағады?» – дейді жұмысшылардың тағы бірі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады
Бүгін, 12:14

"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады

Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты
Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →